«31 арна» 22 және 28 шілде аралығында көрсетілетін фильмдерге шолу жасайды

Әлемдік кинонарық күн өткен сайын көрермендерді тың технологияларымен һәм жаңа идеяларымен таң қалдыру үстінде. Елдің көңіліндегісін көз алдына келтіріп, қолмен ұстағандай әсер беру күнделікті дүниеге айналып келе жатыр. «31 арна» да кино саласындағы қалың өнімнің арасынан іріктеп, таңдап, ең қызықты, ең тұщымды дегендерін өз көрермендеріне сыйлауын жалғастырады.

Дүйсенбі. 22 шілде. 22.30

Сіз Макстың кім екенін білесіз бе? Әне, олар да білмейді. Боливияның қалың орманының ортасында қалған, «екі түйе сүйкенсе, шыбын өледінің» кебін киген Орталық барлау басқармасының арнайы бөлімі өздерін өлдіге санаған әлгі Макстан кек алмаққа бел буады.

«Лузеры» - тек фильмнің ғана емес, қосақта кеткен, құрдымға батты саналған команданың да атауы. Ал кімнің жолы болып, кімнің сәтсіздікке ұшырағанын өзіңіз қараңыз.

Сейсенбі. 23 шілде. 22.30

Әй қайдам, фэнтези-вестерн дегенді естімеген шығарсыз. Джош Бролин, Меган Фокс, Джон Малкович, Майкл Фассбендер секілді Голливудтың байлығы мен шайлығын үріп ішіп, шайқап төгіп жүргендер «31 арна» көрермендеріне Джона Хэксатты антиқаһарман туралы аттас фильмді ұсынады. Квентин Тернбалл атты әлдекімнің соңына түскен бас кейіпкеріміз «басымызға бермесін» дегізетін оқиғаларға тап болады.

Сәрсенбі. 24 шілде. 22.30

Айс Кьюб дейтін жігіт бар. Қанды қыздырып, делебеңді қоздырар фильмдерге түсуді жақсы көреді. Міне, сол азаматтың «Крутящий момент» атты туындысын ұсынамыз.

Туған қаласына келіп, жасамаған қылмысты жасадың деген айыпқа ұшыраған Кери Форд екі оттың ортасында қалады. Бір жағынан кек қайтарамын деп тулаған жәбірленуші жақ, екінші жағынан қыспаққа алған Федералды тергеу бюросының қызметкерлері әбден қинайды. Әділетке ұмтылған бас кейіпкер күрес жолына шығады.

Бейсенбі. 25 шілде. 22.30

Шон Веттер атты агенттің рөлін ойнайтын Вин Дизель Мексикадан келетін есірткі саудасына қарсы күресін тоқтатар емес. Алайда бүкіл трафикті өз қолына алған Дьябло атты қылмыскер пайда болған кезде, оған өзінің бар күш-қайратын сарп етуге тура келеді.

Өлген әйелінің кегін қайтармақшы болып қылмыстық картельге енген агент туралы «Одиночка» драмасын көріңіздер.

Жұма. 26 шілде. 00.00

Ертең демалыс, олай болса асықпай жатып кино қарағанға не жетсін...

Пирс Броснан, Сальма Хайек, Вуди Харрельсон, Дон Чидл, Наоми Харрис секілді ығай мен сығай түскен «После заката» фильмі «Судың да сұрауы бар» деген сөздің ақиқат екенін көрсетеді.

Аса табысты істен кейін, өткенімен қоштаспақшы болып, жұмаққа бергісіз аралға қоныс тепкен кәсіби ұры Федералды тергеу бюросы қызметкерінің қырына ілінеді. «Мысық-тышқан» ойынына көшкен екеудің ертеңі не болды, оны өздеріңіз қараңыздар:)

Сенбі. 27 шілде. 23.00

Жадыраған күндердің бірінде, саяхатқа шыққан бір топ жасөспірім үлкен қайғыға ұшыраймыз деп ойлап па?! Үйлеріне қайтқан олар әлдебір белгісіз жаудың туған жерлерін басып алғанын, ал туғандары мен жақындары оққа ұшып, тірі қалғандарының кепілдікке алынғанын көреді. Қайтпек керек? «31 арнада» «Вторжение: Битва за рай» фантастикалық триллері.

Жексенбі. 28 шілде. 23.30

«Естімеген елде көп» айдарынан. Айдалада жүріп американдықтар АҚШ президентінің ұшағына шабуыл жасаған қазақстандық лаңкес-коммунистер туралы кино түсіріпті дегенде «қайсы-қайсы» деп іздеген жұрт біраз еді. Ендеше қарсы алыңыздар! Гари Олдман ойнаған қылмыскер Коршунов пен Харрисон Фордсомдаған АҚШ президентінің арасындағы әуедегі шайқасты тамашалаңыздар!

Сөзсіз, «Самолет президента» өткен күндердің белгісіндей болып, демалыстың кешінде сізге жақсы күй сыйлайды.

Біздің шолуға бағдарламамыздағы барлық фильмдер енген жоқ. Ал көрермендердің «31 арнадан» көңілдеріне жағар қалаған фильмін көре алатынан біз сенеміз.

22 июля 2013, 19:21
1960

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (45):

FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch