Кеше ғана біздің арнамызда 60 жылдығын атап өткен Есенқұл Жақыпбек бүгін дүние салды

Қазақ өлеңі мен өнері ауыр қазаға ұшырады. Кеше ғана дәл осы уақытта біздің арнамыздағы "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасына басты қонақ болып келіп, өзін ерекше құрметтейтін аға-інілерімен алпыс жылдығын атап өткен Есенқұл Жақыпбек ағамыз, бүгін дүние салды. Өмірінің отыз жылын айтыс өнеріне арнаған ақын, жазба өлеңнің де шебері еді. Өнері мен өлеңі өз алдына, бала-көңіл ақынның аңқылдаған мінезі туралы көп айтылды кеше. Ақынның ақырғы сәттері мен соңғы сұхбаты келесі бейнематериалда...

Нағыз ұлы адамдар қартайғанда да бала болып қалады, Есенқұл ағам да өтірік жоқ.

Бұл бағдарлама кеше кешкісін түсірілді. "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының басты қонағы - ақын Есенқұл Жақыпбек.  Тақырып - "Жігіттердің төресі  алпыс жаста".

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕК:

(14.11.2013. "Айтылмаған әңгіме")

Өзі екі туған күнім бар, біреуі - желтоқсанның 19-ы, екіншісі ақпанның оны. Шынында да желтоқсанның он тоғызында дүниеге келгенмін.

Өзі жақсы көретін аға-інілерінің ақ тілегін балаша қуанып, тыңдап еді. Өнері мен өлеңі өз алдына, өз үйін өнердегі інілерінің жата-жастана  кететін баспанасына айналдырған, ағалық ақылын айтуға асығатын, бауырмал ағаның алпыс жылдығына ақ тілегін айтып келген інілері де көп болды.

СЕРІК ӘБІКЕНОВ, Журналист:

Есағаң - ескінің көзі, жаңаның өзі. Екі ортадағы алтын көпір.

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВ, Әнші:

Сіздің орныңыз өте бөлек болады, Сіздің орныңыз тарихта қалды. Бүгінгі алпыс жасыңыз құтты болсын!

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕК:

(14.11.2013. "Айтылмаған әңгіме")

Мектепте де әбедиет үйірмесінен сабақ бердім, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. Мектепте бір жақсы жері - балалардың көңіл-күйі таза, аурасы таза.

Өзі де бала сияқты, жаны нәзік ақын соңғы жылдары Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы болып қызмет етті. «Бастау», «Ағымнан жарыламын»,  «Біздің елдің жігіттері», «Сарғайған сары терезе» атты кітаптары жарық көрген. Ел арасына кеңінен тараған көптеген әдемі әндердің авторы.

"Көк аспаннан бара жатыр, өмірімнің жұлдызы ағып." Өзінің  өлеңіндегідей болды. Кеше кешкісін ғана күлімдеп студиямызда отырған Есенқұл аға туралы бүгін таңертең қаралы хабар келді. Ақынның бала жүрегі мәңгілікке соғысын тоқтатты. Арда азамат, қазақ поэзиясының қадірлі ақынының біздің арнада ғана тойланған алпыс жылдық мерейтойының толық нұсқасы ертең сағат 19/30-да "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасында болады. Өткізіп алмаңыз!

15 ноября 2013, 16:28
4655

Комментарии

В ноябре этого года уходят в вечность люди, внесшие большой вклад в казахскую музыкальную культуру : Ермек Серкебаев и Есенкул Жакыпбек. Жандары жумакта болсын !

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (46):

freetonik
FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch