24 жасар батыр ана — Назира Садықова

Назира тағдырдың жазуымен бар-жоғы 24 жасында 9 баланың асыраушысы болып отыр. Алаяқтық жасағаны үшін аналарының темір тордың ар жағында отырғанына 2,5 жылдан аса уақыт болған. Мемлекет тарапынан рақымшылық болмаса, әлі өтелмеген бес жылы бар. Соттың қатаң жазасы Гүлмира Бейсембаеваның өмірін астан-кестен қылды. Артында сағынған балалары қалды. Үлкен қызы Назираның қарауында.

Назира:

«Тергеу ісі жүріп жатқанда бауырларымды жетімдер үйіне жібереміз деген. Оған туғандарымды қимай алып қалдым. Ананың орнын толтыру қиын. Басында қатты қиналдым. Бауырларыма рақмет! Мені түсінеді, қолдайды. Кішкентайлармен қиынырақ болды. Кіші сіңілім 5 айлық болған. Екеуін қараймын деп күндіз де, түнде де ұйқы джоқ. Өзім жалғыз қатты қиналдым».

«Назира, жаным, бар үмітім сенде. Кішкене шыдаңдаршы»

Анасынан келген бір жапырақ хатты оқып, тоғыз жетімнің жүректері қарс айырылады.  Олардың анасы өмір сүріп жүргендеріне екі жыл сегіз ай болды. Медеу ауданының алаяқтығы үшін жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдағанда Гүлмира Бейсембаеваның ең кішісі 5 айлық қана еді. Асыраусыз, қараусыз қалғанын ұққан бауырлар өмірге тез бейімделді. Азық үлік пен киім кешекпен қамтамасыз етуді Назира өз қолына алды. Университеттің соңғы курсында оқып жүрген  бойжеткен үшін бұл жаңалық ауыр тиді. Басына түскен қиындықтарға қарамастан, Назира диплом жұмысын жасап, қолына қағаз алды. Сол кезде жалдап тұрып жатқан пәтерінен қаңтардың қақаған қысында иесі қуып шығады. Сот туралы жаңалықты естіген соң. Назира бірден көлік жуатын орынға жұмысқа шығады. Таныстары мен туыстарының үйін аралап, біраз сонда тұрады. Үйдегі барын сатып, 65 мың теңге жинап, қорғаушы жалдамақ болған Назира алаяқтарға кездесіп қалады. Мемлекет тарапынан берілген маман аузын ашпады да деп кейиді.

«Әр нәрсеге көңілім бүліне береді. Күнде жылайтынмын. Анамның бір айтатыны «шыдашы» деген сөзі.  Өзімнің Назым атты ауыратын әпкем бар, талма ауыруы. Өмір сүрмей кеткім келген кезде есім сол қыз түседі. Менімен бірдеңке болып кетсе, осылар қаңғып кете ма деп өз өзімді әрең ұстаймын», - дейді Назира

Мемлекет тарапынан  қаржылай көмек алмайтын балалар қаршадай қыздың тапқанына күн көреді. Назираның көңілін жұбататыны тоғызы да ақылды, өнерлі балалар болып ер жетіп келеді. Жумабек пен Талғат жұмыс істейді, Назираның қолғанаттары. «Айтылмаған әңгіменің» студиясына келген Ахат -  9 сыныпта оқиды. Абзал  15-те, Ғалым – 13 жаста, әнші болсам деп армандайды. 3-ші сыныпта оқиына Перизат  дәрігер болса дейді. Әмір 4 жаста және Жанель 3-те. Барлығы да Назира бітірген мектеп-интернатта жатып оқиды. Үлгерімдері жақсы. Мақсаттары биік. Мұғалімдеріне айтар алғысы үлкен. Үйдің үлкен Назым болса – 2 топтағы мүгедек, бар арманы – жазылып кетіп, аналары қасында болса.

«Аллаға мың да бір рахмет айтам, сондай қыз бергеніне», - дейді анасы. Гүлмира балаларымыен айына бір рет кездеседі. Өкінішсті, әлі бес жыл Жауғаштыда жазасын өтеуі тиіс.

 

Назира, батырлы, қайратты, қажырлы бол дегіміз келеді.

 

Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында «31 арнадан»  «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасын көріңіздер. Сан түрлі тағдырларды Аман Тасыған айтып береді. "Айтылмаған әңгіме" қалмасын!

27 ноября 2013, 20:46
3312

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (45):

FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch