Осы жұмада «Ән шаңырақ» шоуының бірінші жартылай финалы өтеді

«31 арнаның» түсірілім алаңында қарбалас шақ – ата-әжелер немерелеріне шай беріп, көрермендер залында отырып қолдау көрсетіп, қолдарын көтеруде, ата-аналар алаңдаулы, балалар аздап қобалжу үстінде әрі-сәрі болып жүр. Операторлар эстрада жұлдыздарын камераға түсіріп бақса, сценаристер мәтіндерін қайта-қайта оқуда, ал жүргізушілер бұл қарбаластың өзін үйлесімді көрініс етіп бейнелегісі келеді. Музыкалық-отбасылық көрініс. Жалпы айтқанда, түсірілім залындағылар «Ән шаңырақ» атты көңілді әткеншекте тербеліп тұрғандай…

Қатысушылардың толқынысы мен тақымын қысуына дүйім жұрт тамашалайтын телеэфир ғана емес, сонымен бірге олардың мықты қарсыластары мен білікті қазылар алқасы да әсер етті. Себебі, қазылар алқасының құрамында рэп орындаушы Тәкежан, Жанна Орынбасарова, Рүстем Нұржігіт және әйгілі әнші Жеңіс Ысқақова сияқты Қазақстанға белгілі білікті мамандар бар.

Қорқыныш үдеуде, қобалжу өршуде. Бірақ кейбір қатысушылар, керісінше, босаңсыған, себебі олардың көбі отбасыларымен бірге өнер көрсетуден ләззат алуды біледі. Енді кейбірі негізгі іріктеу турынан өткеннен кейін одан әрі жігерлене түскен. Демек енді олар жеңіске бір табан жақын, оған қоса супер-сыйлық -  темір тұлпар да бар!

Базарқұловтар отбасы

«Шынымды айтсам, жартылай финалға өту ойымызда да болған жоқ. Сахнаға шыққанда қолдаушыларды танып, сахнада  бұрыннан жұмыс істеп жүрген адамдарша сезінп, өзімізді алдыға қарай алып кеттік».

Әмірбек Базарқұлов - жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау үздігі, компьютерлік және магнитті-резонансты томографияның үздік маманы болып қана қоймай, итальян арияларын да тамаша шырқайды. «Бала күнімнен әнді жақсы көремін, бұл байқауға қатысу – үлкен сахнаны бағындыру – бала күнгі арманым болатын. Сахна мені қанаттандырады.  Мен сол кезде өзімді атақты адамдай сезіндім!». Ол шоуға Санкт-Петербург консерваториясының түлегі, М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының композиторы, қызы Шырын және А.Жұбанов атындағы мектептің студенті болашақ кернейші інісі Ілиясты ертіп келген.

Ақжолтаевтар отбасы

Әр жерде әбігерге түскен бір адам, қонақтар музыкалық талас алында шұжық қосылған бутерброд жеп, «Қазақстан» шоколадымен термоста сақталған ыстық шайларын сіміруде. Ақжолтаевтар отбасының мүшесі, немерелерінің қамын күйттеп отырған апасы мен қызы Эльмира балапандарының үстіндегі үнді сариін жөнге келтіріп, макияжын қадағалап отырған кезде ұлы Алдияр бір жаққа жүгіріп кетіп қалды. «Ол сахнаға кетті» дейді үнді киімін киген 9 жастағы қыздары. «Біздің әжеміз жас кезінен үнді фильмдерін жақсы көреді, атамызбен бірге солардың бірін де жібермей көретін. Ал біз «Танцор диско» фильміндегі әндердің бірі болатын шығар деп ойлаған едік», - деп түсіндірді Эльмира.

Әлқожаевтар отбасы

16 жастағы Каринаның да арманы – жұлдыз атану. Ол шоуға ән салуға Алматы қаласынан туцстарымен келген. Қазақ-түрік лицейінің оқушысы қазақ-грек тамырлы бойжеткен бұған дейін де «Түрік олимпиадасы», «Айгөлек», «Бозторғай» байқауларына қатысып, Қазақстан мен Түркия сахналарын бағындырып үлгерген. Себебі жас бойжеткен  грек әжесі, әсем дауысты Натэлла мен шымкенттік артист атасы, кезінде «Қазақконцерт» сахнасын, «Қазақфильмнің» түсірім тобын табындырған Шахадинге тартқан. «Атам әжем екеуі Мәскеуде Щепкин атындағы института оқып жүріп танысқан. Оны алғаш көргенімде: «Вы гречка?» деп сұрадым дейді.  Сол кезде оған әжесі: «Нет, я перловка!» деп жауап берген екен. Содан бері «Я встретил девушку» әні атасы үшін ең сүйікті әнге айналған. Себебі оның сүйіктінің жүзінде сол әндегі қыздың бетіндегідей мең болған.

Дәл осы әнді Әлқожаевтар отбасы іріктеу турында айтқан болатын. Жеңімпаздардан кейін екінші орын алған дәл осы қатысушыларға әділқазылар алқасы тағы бір мүмкіндік беріп, жартылай финалға шақырды.  Аталары Шахадин өзінің әзілімен бәрінің көңілін көтеріп жүр. «Мені 20 жылға жасарта аласың ба?» деп сұрап қояды гримшіден. Ал біздің гримші оған «иә» дегендей ишара танытты. Атасы тағы да: «Менің жасым 70-те екенін ұмытпа»,- деп әзілдеді.

Нурмуханбетовтер отбасы

Жартылай финалға өткен келесі отбасы - алматылық Нұрмуханбетовтер.


"Эмоциямыз шектен тыс. Түні бойыыы ұйықтамай нөмірді дайындап жатырмыз. Оның үстіне жұбайым ауырып қалды, дене қызуы көтеріліп тұр", - дейді отағасы.

«Ән Шаңырақ» шоуының барлық қатысушылары бір-бірімен, қазылар алқасымен және көрермендермен тіл табыса алады ма, жоқ па,

Қай отбасының бағы жанып, ақтық сынға өтеді?

Оны сіздер осы жұмада «31 арнадан», сағат 18:30-да  тамашалай аласыздар».

     
12 декабря 2013, 12:10
1393

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (46):

freetonik
FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch