17 ақпан күні «31 арнада» «Сен келерсің» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Бұл – бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы Үндістандағы күллі мұсылмандар өмірін бейнелейтін ерекше оқиғаға толы фильм. Хикаяда қаншама қиындықты бастан кешірсе де мойымай, жауласқан екі отбасын татуластыра алған, анасының өлімінің құпиясын анықтап, әкесін және махаббатын тапқан өжет қыздың басынан өткендері баяндалады.

 

Өмірлік құндылықтарды ұлықтайтын адал жандар туралы баян. Үндінің драмалық телехикаясының басты кейіпкерлері – сенім мен махаббатты ту етіп көтерген жандар. Олар Алланың ақ жолында түсіп, өзара түсіністік пен татулықта өмір кешкісі келеді. Ұзақ жылдар бойы тағдырдың жазуымен бөлек тұруға мәжбүр болған ағайынды Асад пен Аян – бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі. Алшақ өмір сүргенмен жүректері бірін-бірі аңсайтын екі бауырды ешкім ажырата алмайды. Жалғандық пен сатқындыққа жаны қас, сүйкімді қыз Зояның тағдыры бұл хикаяға арқау болған. Зоя қаншалықты ауыр екеніне қарамастан, бірін-бірі өмірлік дұшпан санайтын екі отбасын біріктіру міндетін өз мойнына алады.

Бхопале – әйел басшыларымен аты шыққан Үндістанның шағын қаласы.  Ағайынды Асад пен Аян осы қалада тұрады. Әкелері бір болғанымен, шешелері бөлек. Әкелері бірінші некеде бақытты болмаған екі бауырдың қарым-қатынасына ағайын-туыстың алауыздығы үнемі сызат түсіріп отырады. Бірақ соның бәріне қарамастан Асад пен Аян жасырын кездесіп, бірге өседі. Бір күні ағайынды екі жігіт мешітке барып, сұлулығы көз сүріндірер Зояны көріп қалады. Той көйлек киіп алған, бірақ өмірге ренішті бойжеткенмен кездесу олардың алдағы тағдырларын түбегейлі өзгертеді. Одан әрі екі жігіттің болашақ өмірі мешітте кездескен бейтаныс ару - Зоямен тығыз байланыста өрбиді.

Зоя өткен өмірінің құпиясын ашу үшін Америкадан Үндістанға келеді. Нью-Йоркте өмір сүрген мұсылман қыз Америка мәдениетін бойына сіңіріп, өз пікірінен танбайтын, табанды болып өскен. Туыстары қызды күштеп тұрмысқа беруге тырысқанымен, қыз әкесін тауып, анасының қалай өлгенін анықтап білу мақсатында өз тойынан қашып кетеді.  Бірнеше күннен кейін Зоя ағайынды екі жігіттің үлкенінің көршісі атанады. Ал кішісі жұмбақ бойжеткенмен телефон арқылы танысып, ұзақ уақыт кездесе алмай жүреді. Нәтижесінде Зоя Асадты күнде көреді де, ал Аянмен («Робертпен») Мона болып тек қана телефон арқылы тілдеседі.

Асад пен Аянның туысқан екенін білмейтін Зоя кездейсоқ олардың әкесімен танысады да, оған Асадтың анасы, бірінші әйелімен татуласуға көмектескісі келеді. Әкесін іздеп жүрген бойжеткенді іздеудің соңы Рашидтің үйіне алып келіп, анасының өліміне себепші болған «қуыршақ фабрикасының» өртіне қатысты қылмысты ашуға көмектеседі. Рашид отбасымен бірге тұратын Разия Сидики қыздың нағыз әкесі өліп қалғанын, ол үшін Үндістанда қалудың керегі жоқ екенін айтып, Зояны елден кетуге көндіруге тырысып жүрсе, бір жағынан жеке өмірінде Танвир атты бейтаныс қыз оның бақталасына айналады.

Фильмде, сондай-ақ, әр түрлі елде туып-өскен (Үндістан мен АҚШ) мұсылмандардың діни дәстүр-салтына жаһандану үдерісінің әсері, миграция мәселелері, қазіргі үнді қоғамындағы діни көзқарастарға тәуелсіз орын алып жатқан құбылыстар көрініс тапқан. Мәселен, нәсілі мен терісінің түсіне қарай шеттету, полицияның билігін асыра пайдалануы сияқты жайттар фильмде жиі кездеседі.

 

17 ақпаннан бастап «31 арнада»! Дүйсенбі мен жұма аралығында 21:00-де!


13 февраля 2014, 12:48
14841

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (45):

FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch