«Түн night» – сіздің жаныңызды жадыратып, жабырқамауға шақыратын бағдарлама

«31 арна» «Түн Night» деп аталатын жаңа stand-up шоудың жобасын дайындап, көрерменге ұсынбақшы. «Түн night» – сіздің жаныңызды жадыратып, девальвация сияқты қоғамдағы өзекті мәселенің өзін бастан кешіп жатсаңыз да, мұңаймауға, жабырқамауға шақыратын бағдарлама.  Оны көрген адамның езуі жиылмайды, өйткені біздің әзілдер ештеңеге ұқсамайды, бізде күлкі көп, біз сізге қуаныш сыйлаймыз, оған қоса бізбен бірге әсем әуенге елітесіз. Арна көрермендерінің көрер қызығы әлі алда.


Түсірілім алаңында жұмыс қызып жатыр. Көңілді, жадыраған қыз-жігіттер... Бәрінен бұрын сізге әзіл сыйлаушылар – әйлігі сықақшылар, жобаның авторлары мен жүргізушілері Марат Алибаев, Әділет Жұмабек және Нұржан Тутов. Бірінен-бірі өткен талантты әзілкештер микрафонды кезек-кезек қолға алып, өзінше әзіл айтады.

Әзілкештер өмірде кездесетін қызықты оқиғаларды жартылай импровизациялық формада көрерменге ұсынып, қатып қалған қағидадан ауытқымайтын адамдарды, соның ішінде жекелеген бір адамды мұқатады.  Кейде көрермендердің не үшін күлгені туралы пікір таластырып, өз көзқарастарын білдіріп қоюды да ұмытпаған. Әрине, бағдарламаға күнделікті өмірде орын алатын оқиғалар негіз болғандықтан, оны көрерменнің қалай қабылдайтынын білу әзілкештерге қызықты. Оған қоса мұндай жайттар әдетте бір қараған адамның күлкісін тудырары анық.

Жоба авторларының бірі Марат Алибаев бұл бағдарлама туралы былай деп пікір білдірді: «Кез келген нәрсе өмірдің өзінен алынады. Мысалы, достарымыздың ортасында отырған кезде біреуден естіген қызықты, күлкілі оқиғаны қағазға түсіріп қалуға тырысамыз. Кейін соның өңін өзгертіп, дамытып, шоуға негіздеуге тырысамыз. Қазақстанда stand-up мәдениеті енді қалыптасып келеді. Болашақта елімізде жаңа әзіл-сықақ жанры пайда болады деген сенімдемін».

Дәл осы кезде әңгімемізге сахнадан түсіп келе жатқан Әділет қосыла кетті. «Бұл жанрда сонау «Тамашада» ойнаған аға-әпкелеріміз із салып кеткен. Біз әуел бастан өз аудиториямыздың кімдер болатынын білдік. Жас буынның өкілі болғандықтан, біздің көрермендеріміздің дені жастар болатынына бек сенімдімін. Оған қоса, біз қазіргі жастарға не қызық, не керек, неге алаңдайды – бәрін жақсы білеміз. Біздің бағдарламада бұған дейін ешкімнің ойына да келмеген өткір әзілдер айтылады», - деді шоумен.

«Түн - Night» бағдарламасының түсірілімі Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өтеді. Әдеттегідей, бір уақытта бірнеше хабар түсірілетінін де айта кетейік.

Бағдарламаның техникалық және шығармашылық талаптарына атқарушы продюсер Дәурен Тоғысов жауап береді. Оның айтуынша, жоба stand-up жанрының үздік үлгісі болуы тиіс.  «Кешкі форматта түсірілетін бағдарлама өзіміздің ұлттық менталитетімізге сай дайындалған. Комедианттар елімізде және шетелде орын алып жатқан соңғы жаңалықтарды бақылап, сол құбылыстарға деген халықтың көзқарасын зерттейді. Сол себепті бізде өзекті және өткір тақырыптарға арналған жаңа әзілдер көп болмақ», - деп мақтанышпен жеткізді продюсер.

Жобаның үшінші резиденті Нұржан Тутовтың бұл жанрға табан тірегеніне көп уақыт болды. Оны тіпті ардагер деп атасақ артық етпейді. «Мұндай жобалар үнемі жоғары рейтингке ие болып келеді. Күлкі – адам жанына дауа. Ал күлкі сыйлайтын адамдар көрермендерден өз сыйлықтарына жауап күтеді. Күнделікті тұрмыстағы кез келген жайтты әзілге айналдыруға болады. Ең бастысы, дәл сол сәтін дөп тауып, оны шоуға ұластырып жіберу», - деп құпиясымен бөлісті Нұржан.

Сізбен бізге жаңа stand-up форматтағы «Түн night» шоуының эфирге шығуын күті ғана қалып тұр. Бір қуаныштысы, көңілді думан аз уақытта назарыңызға ұсынылады.

4 марта 2014, 12:18
1308

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания 31 канал

31 арна — отбасылық көрсетілімге арналған Қазақстандағы бірден-бір ойын-сауықтық арна!

31 канал — главный развлекательный канал Казахстана для всей семьи!

Сотрудники:

aliziyadin
toyanova
sunny_saniya

Поклонники (46):

freetonik
FrozenKing
Samson
goyourway
smerch
Danat
elyamel
Gonzokz
tungus
alekseenok
Tengry
drugoi
SKYFALL
Green_Dragon
subaur
kozhahan
LifeProduction
AlisaFox
Rinat_Balgabaj
BioPsihoz
Miomoto
Maigul
sakhmetz
senat_kaznu
Rake017
Chocopie
potrebitelkz
mussatayeva
aliziyadin
natavann
user100003699656719
Mr_Semsk
elka1983elbrus
sxodim
nursultan_kipshakbayev
sunny_saniya
yuliya1987
nuraga1990
dadgsipk
SovetVeteranov
anticorruptionZKO
medinarebrova
msh
info-center
BeYnekz
dragonballzmerch